Танымал әнші Қайрат Нұртастың жары, актриса Жұлдыз Әбдукәрімова анасына пәтер сыйлады, деп хабарлайды kznews.kz.
Өнер иесі қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, анасына деген ризашылығын білдірді.
«Бұл күнге ұзақ дайындалдым. Көп күттім. Қатты қаладым. Армандадым. Осы сәт үшін шаршамай еңбек еттім. Маған әлемнің жарығын сыйлаған анашыма қандай тарту етсем де, өтелмес борышым деп білемін», – деп жазды Жұлдыз Әбдукәрімова.
Актрисаның бұл жазбасы желі қолданушылары тарапынан жылы қабылданып, көпшілік оны шын жүректен құттықтады.
Айта кетейік, бұған дейін Жұлдыз Әбдукәрімова жұбайы Қайрат Нұртастың концерті алдында оған қолдау білдіргені туралы ақпарат тараған болатын.