Жұманғарин әкімдерге наурыздың соңына дейін көкөністерді түгел сатуды тапсырды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жұлдыз Әбдікәрімованың ұлы анасын көтеріп сынға қалды

Жұлдыз Әбдікәрімованың ұлы анасын көтеріп сынға қалды
Коллаж: sn.kz

Әлеуметтік желіде Жұлдыз Әбдікәрімованың ұлы Нарұл анасыны көтеріп алған сәті түсірілген видео қызу талқыға түсті. Бейнежазба жарияланған бойда желі қолданушыларының бір бөлігі мұны орынсыз әрекетке балап, сын пікірлерін жаудырды, деп хабарлайды Sn.kz.

Актрисаның айтуынша, ұлы үй шаруасына көмектесіп жүріп, қалжың ретінде осылай істеген.

"Нарұл таңатқалы мың рет қоқыс тастап келді. Тағы бар десем, жүйкеме тимеші дейді. Мені көтеретін жасқа жетті сенесіздер ме", - деді актриса.

Алайда желі қолданушылары бұл әрекетті құптай қоймады. Пікір білдіргендердің кейбірі ана мен бала арасындағы шекара сақталуы керек екенін жазып, видеоны сынаған.

"Осы бала қызық, әкесінің ернінен сүйеді, анасын көтеріп алады", "Арқасына көтерсе жарайды, бұлай көтергені дұрыс емес", "Қанша жақсы көрсе де ұят. Ар-ұят деген болады", "Есер бала анасының етегімен ойнайды дегеннің кері ғой", деп сынады көпшілік.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер