Үш баланың анасы Кэроланн Барраклоу 5 наурыз күні Уэйкфилд қаласындағы өз үйіндегі мұздатқыштан өлі күйінде табылған. Әйел адамның өліміне байланысты күйеуіне адам өлтірді деген айып тағылды, деп хабарлайды kznews.kz Mirror басылымына сілтеме жасап.
Сот хабарланғандай, 37 жастағы, Кэроланның денесі наурыз айында өз үйіндегі мұздатқыштан табылған. Қазіргі уақытта өлімнің нақты себептері Уэйкфилд коронерлік сотында анықталып жатыр.
Йоркшир жедел жәрдем қызметінің фельдшері 6 наурыз күні Хорбери мекенжайына келіп, әйел адамның қайтыс болғанын растаған. Коронер Оливер Лонгстаффтың айтуынша, іс бойынша ешқандай толық қорытынды жасай алмайтынын атап өтті.
Сараптама қорытындысына сәйкес, өлім себебі — доғал затпен соққы алу салдарынан болған бас-ми жарақаты. Қосымша тергеу жұмыстары жалғасады.
Қазіргі уақытта марқұмның күйеуіне оны өлтірді деген айып тағылған.