Наурыз тойлап жүрген 80-ге жуық бала жоғалып кеткен
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Атырауда Наурыз мейрамында 80-ге жуық бала жоғалып кеткен

Атырауда Наурыз мейрамында 80-ге жуық бала жоғалып кеткен
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Атырауда Наурыз кезінде Исатай мен Махамбет алаңында 78 бала ата-анасынан адасып қалған. Полиция олардың барлығын тауып, отбасына қайтарды, деп хабарлайды kznews.kz.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, балалардың көбі Наурызда алғашқы сағатта табылған, тек бір жасөспірімді іздеуге үш сағаттай уақыт кеткен. Әсіресе 7 жастағы баланың жағдайы алаңдатқан: ол анасын таба алмай, өзі жұмыс орнына іздеп бармақ болған.

Бейнебақылау арқылы оның бағыты анықталып, дер кезінде табылып, анасына тапсырылды. Полиция мұндай жағдайларды болдырмау үшін көпшілік орындарда балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.