“Түсіндірме жұмысы” – Конститутциядан орыс тілін алып тастауды талап еткен Дина Елгезектің үйіне полиция барды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Зиратта адам өліміне әкелген төбелесті ұйымдастырғандар сотталды

Зиратта адам өліміне әкелген төбелесті ұйымдастырғандар сотталды

Мәскеу қалалық соты 2016 жылдың мамыр айында Хованск зиратында болған қанды төбелесті ұйымдастырушыларға жаза кесті. Бұл оқиғадан үш тәжік мигранты қаза тапқан.

Тәртіпсіздікті ұйымдастырды деп, зират жетекшісі Юрий Чабуев және "Здоровая нация" қоғамдық ұйымының құрылтайшысы Александр Бочарников танылды. Олар 11 және 9 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Төбелеске қатысушы, екі адамды көлігімен басып өткен Эльбек Вадуев 11,5 жылға сотталды. Тағы он үш адам 3,5 жылдан 5,5 жылға дейін өмірлерін колонияда өткізетін болады.

2016 жылдың 14 мамырында Хованск зиратында 200-гу жуық адамның қатысуымен қанды төбелес болған. Оған негізінен Солтүстік Кавказ, Тәжікстан және Өзбекстанның азаматтары қатысқан. Төбелесті ұйымдастырушылар қару қолданған. Нәтижесінде 30 адам жараланып, үш тәжік азаматы қаза тапты. Төбелеске ақша себеп болған.

Мемлекеттік айыптаушының мәліметі бойынша, зират құрылысын жүргізіп жатқан заңсыз мигранттарды бақылауға алу үшін, зират басшысы "Здоровая нация" ұйымының жастарын тартқан. Мигранттарға тиесілі айлықтарын төлемеген.

Хованск зираты Мәскеудегі ірі қорымдардың біріне жатады.

Дереккөз: Centralasian.org

Автор
Жандос