Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жігітіне жібермегені үшін анасын өлтірген оқушы қыздың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Жігітіне жібермегені үшін анасын өлтірген оқушы қыздың үстінен қылмыстық іс қозғалды
Фото: Alash.kz

Ресейдің Прокопьевск қаласында қоғамды дүр сілкіндірген жантүршігерлік оқиға орын алды. 14 жастағы мектеп оқушысы туған анасын өлтірді деген айыппен ұсталды, деп хабарлайды kznews.kz.

Тергеу мәліметіне сәйкес, жасөспірім қыздың мұндай қадамға баруына тұрмыстық жанжал себеп болған. Белгілі болғандай, анасы қызынан мектеп тапсырмаларын орындауды талап етіп, 16 жастағы жігітімен кездесуге тыйым салған. Тергеушілердің айтуынша, дәл осы шектеулер жасөспірімдердің арасында ашу-ыза тудырып, қылмыстыалдын ала жоспарлауына әкелген.

Алдын ала тергеу деректері бойынша, қыз бен оның жігіті әйелге бірнеше рет пышақпен соққы жасап, денесін жертөледе жасырып қойған. Қылмыстың ізін жасырмақ болғанымен, құқық қорғау органдары күдіктілерді көп ұзамай қолға түсірді.

Қазір жасөспірімдер міндетті психиатриялық сараптамадан өтіп жатыр. Оқиғаға байланысты қылмыстық істі Тергеу комитеті мен прокуратура бірлесіп тергеп, болған жайттың барлық қыр-сырын анықтауға кірісті.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.