Қоғам

"Жыртылып кеткен": Орал тұрғыны балабақшадан келген қызының жыныс мүшесі қанағанын байқаған

"Жыртылып кеткен": Орал тұрғыны балабақшадан келген қызының жыныс мүшесі қанағанын байқаған
Фото: ашықдереккөз

Оқиға 9 ай бұрын болған. Анасының айтуынша, 1 жас 11 айлық қызы үйге келген соң оның жыныс мүшесінің қанап тұрғанын байқаған. Әйел дереу дәрігерге жүгініп, гинекологиялық тексеруден кейін полицияға арыз жазған.

Келесі күні ол балабақшадағы бейнебақылау жазбаларын қарап, қызының әжетханада ұзақ уақыт отырғанын және тәрбиешінің бірнеше рет кіріп шыққанын байқағанын айтты. Сондай-ақ, ол балабақшада жасырын есік барын көріп, бұл дерек бойынша құқық қорғау органдарына бірнеше рет шағым түсірген.

Алайда әйелдің сөзінше, іс баяу қозғалып, прокуратура деңгейінде бірнеше рет қаралғанымен, нақты шешім қабылданбаған.

Оқиға туралы жазба әлеуметтік желілерде кең таралып, қолданушылар анаға қолдау білдіріп, жауапты органдардан әділ тергеу жүргізуді талап етті.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz