Аймақ

Ұлытау облысында қараусыз қалған балалар балабақшадан шығып кеткен

Дархан Тоқан Дархан Тоқан
Ұлытау облысында қараусыз қалған балалар балабақшадан шығып кеткен
Фото: freepik.com

Ұлытау облысының Сәтпаев қаласында түскі ұйқы кезінде 4–5 жастағы балалар ересектердің қарауынсыз қалып, балабақша аумағынан өз бетімен шығып кеткен. Оқиғаға қатысты дерек әлеуметтік алаңдаушылық туғызды, деп хабарлайды kznews.kz.

Мәліметке сүйенсек, оқиға сағат 13:00 шамасында болған. 2021 жылы туған бірнеше бала тәрбиеші мен күтушіні көрмей, жанында ересек адам жоқ екенін аңғарған соң жылай бастаған. Біраз уақыттан кейін олар өз бетінше киініп, сыртқа шығуға бел буған.

Дәл сағат 13:14-те балабақша дәлізінен бухгалтер өтіп бара жатып балаларды көргенімен, ешқандай шара қолданбағаны айтылады. Ал 13:16-да балалар өздігінен киініп, балабақша аумағынан шығып кеткен. Сол уақытта сыртта ауа температурасы –12°C болып, қатты жел мен боран соғып тұрған.

Балалар дұрыс киінбей шыққандықтан тез тоңып, жылап, көшеде өтіп бара жатқан адамдардан көмек сұраған. Орта жастағы бір ер адам жанашырлық танытып, балаларға көмектесіп, үйлеріне жетуіне жәрдем берген. Мұндай оқиға балабақшадағы қауіпсіздік пен жауапкершілік мәселесін қайта күн тәртібіне шығарды.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz