Жарақат алғандарды жедел жәрдем қызметі алып кетті.
Оқиға 13 қыркүйек күні сағат 19:30 да болған. Ақтау маңындағы үлкен айлақтың тұсында соқтығысқан сәтті катерлердің біріндегі жолаушы түсіріп алды.
Әлеуметтік желіге шыққан видеоның астындағы пікірлерде «Жүрегі ауыратындар қарамасын», «Ашық теңізге сыймай жүрген қандай жартыбас» деген сынды пікірлер жазылды. Видеода соқтығысқан сәтте адамдардың айқайы жазылып қалған.
"Бриз" яхт-клубының өкілдерінің айтуынша, егер екі катер бір біріне бетпе-бет жақындап келсе онда әр су көлігінің жүргізушісі өзінің сол жағына қарай бұрып кетуі керек болған. Алайда катерлердің бірі бұл заңдылықты сақтамаған, нәтижесінде соқтығысып, адам жарақат алды.