“Байдың балаларын қорғаштайды”: Депутат ішкі істер оргаодарына “тазарту” жүргізуді ұсынды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жұмыс беруші сырттан келтіндерді үймен қамтамасыз етуі керек - Алматы әкімдігі - Қазақстан жаңалықтары

Жұмыс беруші сырттан келтіндерді үймен қамтамасыз етуі керек - Алматы әкімдігі - Қазақстан жаңалықтары

Алматы әкімінің орынбасары Ерлан Қожағапанов басқа қалалардан мегополиске жұмысқа келетіндерді жұмыс беруші тарап уақытша үймен қамтамасыз ету керек екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Жұмыс беруші тарап басқа қаладан келетін қызметкерлерді үймен және тамақпен қамтулары қажет. Егер бұған жұмысшы өз келісімін бермесе, үйіне барып жұмыс істесің", - дейді Қожағапанов. 

Бұған қоса ол Алматы 22 наурыз күні толығымен жабылатынын тағы да ескертті. Дәріханалар мен дүкендерден басқа барлық сауда нысандары толығымен жабылады. 

Қала тек мегополистің қауіпсіздігі мен тіршілігін қамтамасыз ететін қызметкерлер және оларды тасымалдайтын көлітер үшін ғана ашық болады. 

Қаланың ішіндегі тұрғындар мен қоғамдық көлік қозғалысына шектеу қойылмайды. 

Бұған қоса шенеунік коменданттық сағат енгізілмейтінін қосты. 

Еске салайық, бұған дейін 22 наурызда барлық блок-бекеттер жабылатын жайлы айтылған еді. 


stan.kz
Автор
Нұрсұлтан