KZNews.kz
Шоу-бизнес

“Жұбайы басқарады” - Төреғали Төреәлі жаңа қор ашпақ

Ayzhan Sylanova
Фото: әлеуметтік желіден

Ол 10 жасар қызы Кәусарға арнап арнайы ән жазып, сол арқылы ерекше балалардың мәселесіне қоғам назарын аударғысы келген. Әншінің бастамасымен құрылған «Кәусар» қоры ерекше қажеттіліктері бар балалардың дамуына және олардың қоғамға бейімделуіне жәрдемдесуді көздейді.

Төреғали енді табысының 10 пайызын осы қорға тұрақты түрде аударып отыратынын мәлімдеген. Ал қордың жұмысына оның жұбайы Толқын Төреәлі жетекшілік етеді.

Журналист бұл қадамды өнер иесінің жауапкершілігі мен әкелік мейірімінің көрінісі деп бағалап, «Төрештің бұл ісі – ерекше баласы бар әкелерге үлгі» деп жазды.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары