KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

Жұбаныш Жексенұлының екі әйелімен бірге тұратыны рас па? (видео)

• Мадияр

Өткен жылы әлеуметтік желідегі парақшасына белгісіз қызбен құшақтасқан суретін жүктеп, артынша өшіріп үлгерген Жұбаныш Жексенұлы екі әйелімен бірге тұратынын мойындады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әншінің видеосы by_production парақшасында жарияланған.

Видеодан әншінің "Бірінші әйеліммен де, екінші әйеліммен де тұрам", - дегенін аңғаруға болады.

Естеріңізге сала кетейік, Жұбаныш Жексенұлы көпшілікке "Нурикамал", "Ауылым" әндерімен кеңінен танылған.

Әнші 2018 жылдың жазында желіге белгісіз бойжеткенмен құшақтасқан сурет салды. Сондай-ақ өзін сұрақтың астына алған оқырмандарына жұбайы Динамен ажырасып кеткенін мәлім етті.

Өткен жылы отандық әншінің Әбілқайыр есімді ұлы итальян қызымен шаңырақ көтерді.

Мадияр
Журналист
Автордың басқа материалдары →