KZNews.kz
Білім

Жігіт сұлтаны сценарий Қазақша

KZNEWS

Жігіт сұлтаны сценарий

 Тәрбие сағатының тақырыбы: Жігіттің сұлтаны кім?" саралаңыз Мақсаты: Оқушыларға халқымыздың ғасырлар бойы   келе жатқан әдет- ғұрып, салт- дәстүрін, ата- баба дәстүрін құрметтеуді үйрету, Отанды сүюге, Ата мекеніне деген сүйіспеншілігін арттыру. Байқау шарты:     «Жеті атасын білген ұл, жеті рулы елді біледі».  (Өзін таныстыру.)     «Жігітке жеті өнерде аз». (Өз өнерін көрсету, ән, күй, би, көрініс және т.б.)     Үй жұмысы. (Өзінің қолынан істеген бұйымын әкеліп, жасалу технологиясын түсіндіру.)     «Батамен ел көгерер, жаңбырмен жер көгерер». (Бата беру.) Қойылатын талаптар:     Ұлттық киім.     Сахна мәдениеті.     Сөйлеу мәдениеті, өз ойын ұтымды жеткізе білу. 1-бастаушы: Құрметті қауым! Сіздерді “Жігіт сұлтаны” сайысын тамашалауға шақырамыз. 2-жүргізуші:    Береке де осында, Мереке де осында. Болып жатыр той-думан Қырандардың қосында.  1-жүргізуші:    Асқақтаған ән дайын, Күмбірлеген күй дайын. Ал, кәнекей, қырандар! Босқа қарап тұрмаңдар! Бастап жігіт өнерін, алыстарға самғаңдар 2-жүргізуші:     Құрметті көрермен қауым! Енді сайысқа түсетін жігіттерді қол  шапалақтап, қошаметтеп ортаға шақырайық. 1-жүргізуші:    Сайысқа қатысушы жігіттер көпшілікпен сәлемдесіп, өздерін таныстырады. Жігіт сұлтанының бойында қандай қасиеттер болуы керек деп ойлайсың деген сұраққа жауап береді 2-жүргізуші:    Ей жігіттер! Сендерге артар міндет көп. Көтер биік ата салтын құрметтеп Ақтай білсең ата-баба үмітін Әрбір сөзі – тәлімі мол бір мектеп. Сұрақтар:    Нөмірленген асықтардағы сұрақтарға жауап беру. №1 асық.    Төрт түлік мал пірінің  аталуы қалай? 1.    Түйе – Ойсылқара 2.    Жылқы – Қамбар ата 3.    Қой – Шопан ата 4.    Ешкі – Шек-Шек ата 5.    Сиыр – Зеңгі баба №2 асық.  Қазақша ай аттарының аталуын  айту керек. 1.    Қаңтар                7.    Шілде 2.    Ақпан                8.    Тамыз 3.    Наурыз                9.    Қыркүйек 4.    Сәуір                         10.    Қазан 5.     Мамыр                     11.    Қараша 6.     Маусым                             12.   Желтоқсан  №3 асық.  Төрт түлік мал төлдерінің аталуы қандай? 1. Жылқы - құлын 2. Сиыр - бұзау 3. Қой – қозы 4. Ешкі – лақ №4 асық.     Жыртқыш құстардың атын ата. Бүркіт, лашын, қыран, қырғи. №5 асық.     Қазақ халқының салт-дәстүр, той-томалақтарын атап шық, біреуін   түсіндір. Бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесер, сүндетке отырғызу, беташар, көкпар, той бастар. №6 асық.  Аттың ер-тұмандарына нелер жатады? Жүген, ішкілік, тоқым, ер, үзеңгі, аткөрпе, тартпа, қамшы. 1-жүргізуші:    Әділ қазылар алқасы жігіттердің ұпайын шығарғанша кезекті әнге берейік. (Ән орындалады) 2-жүргізуші:    Қыран-бүркіт көтерер ердің нарқын, Қыран жігіт асырар елдің даңқын!- демекші, енді жігіттерміздің өнерін тамашалайық. (Әрқайсысы өз өнерін көрсетеді) 1-жүргізуші:    Ат өнері білінбес, Бәйгеге түсіп жарыспай. Ер өнері білінбес, Қоян қолтық алыспай, -  демекші, енді жігіттеріміздің спорттық жарыстардағы өнерлерін көрейік. 1. Салмақ тасын көтеру. 2. Мойын арқан тартпақ. 3. Білек күшін сынау. 2-жүргізуші: Жігіттер, жаман істі кәсіп етпе, Досыңды бірге жүрген басып өтпе, Басыңа әлдеқандай  іс түскенде. Келесі кезекті тағы да әнге берейік. (Ән орындалады) 1-жүргізуші:    Жылдар-жылдар тарихтың мол беттері, Сен әкелген жақсылықтар көп тегі. Көңіліңді шат сезімге баурайды, Халқымыздың бүгіні мен өткені. (Тарихи тұлғалар, ескі ұғымдар туралы сұрақтарға жауапберу)   Сұрақтар: Асықтар арқылы жауап береді. №1 асық.    Үш ұғым туралы сұрақтар 1.    Үш  жүз:  Ұлы, Орта, Кіші 2.    Үш арсыз: Ұйқы, тамақ, күлкі 3.    Үш даусыз: Мінез, кәрілік, ажал №2 асық.    Жеті атаны талдап беру. Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек,     немене. №3 асық.  Ұлттық ойындардың түрлерін атап шық. Ақсүйек, асау үйрету, арқан тарту, тымпи, сақина салу т.б. Жүргізуші:     “Жеті атасын білмеген жетесіз” – деп халқымыз айтпақшы, кешіміздің соңында біздің қыран жігіттеріміз өздерінің жеті аталарын атап, дастарханымызға бата берсін! (Сайыс соңы концерттік бағдарламаға ұласады)    
 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

KZNEWS
Автордың басқа материалдары