"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

ЖЕТІ ДОДАНЫ СЫЙДЫРҒАН ЖИНАҚ | "Айқын" газеті

ЖЕТІ ДОДАНЫ СЫЙДЫРҒАН ЖИНАҚ | "Айқын" газеті

Белгілі спорт журналисі, «Құрмет» орденінің иегері Оңдасын Елубайдың «Дүниені дүбірлеткен жеті дода» атты кітабы жарық көрді.

Өскеменде тұсауы кесілген еңбекте автор 2000 жылы өткен Сидней Олим­пиадасынан бастап, Афины, Турин, Бейжің, Лондон, Сочи және биылғы Пеңчаңда болған жеті додада көрген-түйгенін жазып, аталған Олимпиа­да­ларда өзі түсірген 500-ден аса фото­суретті топтастырған.
«Дүниені дүбірлеткен жеті дода» қазақ баспасөзі қара шаңырағы­­ның бірі – «Қазақ спорты» газетінің 60 жыл­дығына арналып отыр. Жинақ­та елі­міз­дегі спорт саңлақтары­ның соңғы жеті Олимпиадада қол жет­кізген ­та­бысы ғана емес, кемшілігі де сөз етіледі.
Автор Сидней Олимпиадасында бокс­тан қазақ жастары арасынан тұң­­ғыш Олимпиада чемпионы атанған Бек­зат Саттархановты да еске алуды ұмыт­пайды. Сондай-ақ жарыс болған ел­дердің әдет-ғұрпы, салт-санасы, та­би­ғаты мен тарихын да таразылай кетеді.
Кітапқа алғысөз жазған – рес­публикалық «Қазақ спорты» газетінің бас редакторы Дүрәлі Дүйсебай. Ол «Кітапты оқи отырып Оңдасынмен бірге құдды бір осы жарыстардың басы-қасында өзің жүргендей сезінесің. Жинақ осынысымен де құнды», – деп баға береді.

Жансая ҚАМБАР

Дереккөз: Айқын
Автор
Жандос