ка

Жеңіл автокөлік сатып алушы қазақстандықтар көбейді

07.12.2018 21:15
0
3

Осы жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша, елімізде 4008 мың бірлік жеңіл автокөлік тіркелген.

Қазақстанда үстіміздегі жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында 565 077 жеңіл автокөлік тіркеуден өткен, бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 70,8%-ға артқандығын көрсетеді. Бұл туралы ҚазАқпарат Статистика комететіне сілтеме жасап хабарлайды.

Осы жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша, елімізде 4008 мың бірлік жеңіл автокөлік тіркелген. Сол сияқты осы уақыт аралығында 9669 жол -көлік оқыс оқиғасы тіркелген, бұл өз кезегінде өткен жылмен салыстырғанда 8,7%-ға азайған. Ал зардап шеккен адамдардың саны 13 813 құрады.

Сонымен қатар, сақтандыру ұйымдары көлік иелерімен 15,4 млрд теңге сомасына есептелген 41 040 сақтандыру төлемдерін жүргізді.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий