Осыдан біраз уақыт бұрын өзінің жалаңаш денесіне қазақтың ұлттық нақышын тағып суретке түскен Шырын Нарчева есімді 18 жастағы аруды "Қалаулым" қатысушысы қатаң сынға алды деп жазады NUR.KZ.
Ләззат пен Сәбира не үшін алаңға шықты? Оларды қорғаймын деген Қайрат не үшін шықты? Егер сіздің басыңызға күн туса, сіздің қорғауға қай еркек барады? Төсіңізді көрсетіп, етегіңізді ашып жүрдіңіз жұртқа", - деді ашуға бой алдырған Бердах.
Ал Шырын Нарчева "Сіз менің болашақта қазаққа тұрмысқа шығатынымды қайдан білесіз? Кім айтты? Менің болашағымды көрдіңіз бе?", - деп дүрсе қоя берді.
Айта кетейік, Шырын Нарчева өзінің жалаңаш тәніне қазақтың ұлттық әшекейін таққан суреті арқылы көпшілікке танылып кетті.