KZNews.kz
Қоғам

«Жедел жәрдем де, полиция да келген жоқ»: Ақтаулық келіншекті емізулі сәбиімен бірге көлік қағып кетті

Айжан Сыланова

Оқиға сағат 17:01 шамасында «Saya Park» сауда орталығының маңында болған. 

Жергілікті Instagram пабликтердің хабарлауынша, рөлде әйел адам отырған. Жол апатынан кейін жүргізуші зардап шеккен әйелге алғашқы көмек көрсетіп, оны өз көлігіне отырғызып, Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының қабылдау бөліміне өзі жеткізуге уәде берген. Алайда, оқиға орнына жедел жәрдем де, полиция да шақырылмаған.

Бұл жайтты көрген куәгерлердің алаңдаушылығын туғызды. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты Маңғыстау облыстық полиция департаменті мен денсаулық сақтау басқармасы ешқандай ресми түсініктеме берген жоқ. 
 

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →