Тоқаев келесі президент сайлауы қашан өтетінін айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жазасы - 11 жыл. Полицейлер адамды бөлшектеп, пакетпен тасыған алматылықты ұстаған

Жазасы - 11 жыл. Полицейлер адамды бөлшектеп, пакетпен тасыған алматылықты ұстаған

Жетісу облысында жұмыс берушісін өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған 55 жастағы ер адам сотталды, - деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.


Биыл ақпанның ортасында полиция патрулі Қаратал ауданының Бастөбе ауылында полиэтилен пакетке адамның басын салып, алып бара жатқан мопед жүргізушісін ұстады. Полицияға жеткізілген ер адам Алматының 55 жастағы тұрғыны болып шықты, ол көп ұзамай өзінің жұмыс берушісін өлтіргенін мойындады.

Тергеу барысында анықталған мәлімет бойынша, ер адам мас күйде жұмыс берушісін балғамен ұрып өлтірген, ал денесін ас үй пышағымен бөлшектеп, қалалық зиратқа бөлшектеп тасуға тырысқан. Ол жалға алған үйді тінту кезінде полиция қызметкерлері марқұмның денесінің қалған бөлігін тапты. Ол бірнеше пакетке салынған. Жәбірленуші 50 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

"Қыста мопедпен жүк тасыған ер адам полиция қызметкерлерінің күдігін туғызған. Бұл Қаратал аудандық полиция қызметкерлерінің қырағылығы, нәтижесінде аса ауыр санатқа жататын қылмыстың ашылуына ықпал етті. Тергеу ҚК-нің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша жүргізіліп, тамызда қылмыстық іс сотқа жіберілді", - деп хабарлады облыс ПД баспасөз қызметі.


Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары