Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жасырын казино ашқан ақтөбелік айыппұлмен құтылды

Жасырын казино ашқан ақтөбелік айыппұлмен құтылды

Бес ай бойы жұмыс істеген құмар ойын клубын Ақтөбе облыстық мемлекеттік кірістер департаменті анықтады.

Ақтөбе қалалық сотында 32 жастағы К.Русланға қатысты қылмыстық іс қаралды. Ол жасырын казино ашқаны үшін жазаланды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Сотталушы К.Руслан ҚР заңдары бойынша Қапшағай мен Щучинск ауданында ғана казино ашуға болатынын біле тұра заңсыздықтарға жол берді. Әрі «Ойын бизнесті туралы» Заңына сай казино ашатын кәсіпкердің арнайы лицензиясы да болуы керек. Ал сотталушы К.Руслан Ақтөбе қаласындағы ғимараттардың бірінен бөлмені жалға алып, «Full House» атымен жасырын казино ашқан.

Іс материалына сүйенсек, электронды покер үстелін сатып алып, бірнеше адамды жұмысқа орналастырды. Бес ай бойы жұмыс істеген құмар ойын клубын Ақтөбе облыстық мемлекеттік кірістер департаменті анықтады. К.Руслан Қылмыстық кодекстің «Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру» бабы бойынша айыпты деп танылып, 2,4 миллион теңге айыппұл салынды.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/
Автор
Санжар