Студент өлімі: ҚазҰУ-дың проректоры мен декан жұмысынан кетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Жасы 50-ге келіп ұялмай ма?»: Мәдина Сәдуақасованың образы сынға қалды (ФОТО)

«Жасы 50-ге келіп ұялмай ма?»: Мәдина Сәдуақасованың образы сынға қалды (ФОТО)
Фото: ашық дереккөз

Өнер иесі түнгі Шымкентте түскен фотоларымен бөлісіп, образындағы әрбір детальға тоқталған.

Әнші Мәдина Сәдуақасова әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа суреттерін жариялап, оқырмандар назарына ерекше образын ұсынды, деп хабарлайды kznews.kz

«Бұл фотоларда бәрі әдемі. Өзім. Түнгі Шымкенттің жарығы. Көйлегімнің әдемілігі. Гүлдердің хош иісі...» – деп жазды әнші.

Алайда желі қолданушылары Мәдинаның жаңа образын бірдей қабылдамады. Бірі оның киім үлгісіне сүйсінсе, енді бірі ашық киінгенін сынға алып, жасына қатысты пікір білдірді.

«Бұл апам да қоймайды екен, алды мен артын жарнамалап», «Сабинадан аумай қалыпсың», «Сен қалып едің, енді көрсетпеген», «Күйеуің қызғанбай ма?», «Жасы 50-ге келіп ұялмай ма?», «Ұят-ай» деп жазды оқырмандар.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.