9 қазаннан бастап мектепте телефон пайдаланудың жаңа тәртібі күшіне енеді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Не болып кеткенсің, Каталёк?”: Актриса Қарлығаш Ахметованың образы сынға қалды (ВИДЕО)

“Не болып кеткенсің, Каталёк?”: Актриса Қарлығаш Ахметованың образы сынға қалды (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скриншот

Актриса жұбайы Берік Тұрсынбаевпен бірге тойға қатысып, көпшілік алдында қырғыз тіліндегі әндердің бірін орындаған. Өнер көрсеткен сәттен түсірілген видео әлеуметтік желіде тараған.

Қазақстандық танымал актриса Қарлығаш Ахметованың тойдағы образы әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды. Өнер иесінің сырт келбетіне қатысты түрлі пікір жазылып, желіде қызу талқы басталды, деп хабарлайды kznews.kz.

Желі қолданушыларының көпшілігі әннен гөрі актрисаның шаш үлгісіне назар аударған. Кейбір оқырман оның жаңа образын әдеттегі келбетінен өзгеше деп бағаласа, енді бірі шаш үлгісін сынға алған.

«Не болып кеткен?», «Африка қылып не істеп алған?», «Түк жарасып тұрған жоқ», «Не болып кеткенсің, Каталек?», «Біреуі жасарып, екіншісі қартайып жатыр ма?» деген пікірлер жазылған.

Дегенмен әлеуметтік желідегі пікірлердің барлығы бірдей сыннан тұрмаған. Актрисаның шығармашылығын жақсы көретін көрермендер оның сахнадағы белсенділігіне назар аударған.

Қарлығаш Ахметова бұған дейін де түрлі фильмдер мен тележобалардағы рөлдері арқылы көрерменге жақсы таныс. Әсіресе оның «Күлпәш» телесериалындағы Каталек бейнесі халық арасында кең танылып, актрисаның шығармашылық жолындағы есте қаларлық образдардың біріне айналды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.