Әлеуметтік желіде бұған дейін аты дауға іліккен асаба Сабыржан Түзелбаевтың той жүргізіп жүрген сәті түсірілген видео жарияланды. Кадрлар желі қолданушыларының назарын аударып, қызу талқыға түсті, деп хабарлайды kznews.kz.
Жарияланымнан кейін желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, асабаның қайтадан той өткізе бастағанына қатысты көзқарастарын жазған. Бірі оның сахнаға қайта оралғанына таңғалса, енді бірі бұған наразылық танытқан.
«Мына албасты қайта шыққан ба», «Ініміздің апасымен жарқ етіп шыққанына қуанып отырмын», «Бұл сотталмай ма, жастарды бүлдіретін болды ғой», «Шығыпты ғой, енді тек халал той өткізе ме екен», «Бұл істі болған еді ғой, қашанғы той?» – деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, бұған дейін Шымкент қаласында есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен белгілі асабаның ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Алайда жарияланған видеодағы тойдың нақты қашан өткені және Сабыржан Түзелбаевқа қатысты істің қазіргі мәртебесі туралы мәлімет берілмеген.