Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жасөспірімнің қазасынан кейін балалар боксына тыйым салынуы мүмкін

Жасөспірімнің қазасынан кейін балалар боксына тыйым салынуы мүмкін
Әлемде

Қысқа сілтеме алу

6 0 0

Таиландтың 13 жастағы боксшысы отбасын асырау үшін жекпе-жекке шығып жүрген. Кездесулердің бірінен соң жасөспірімнің миына қан құйылып көз жұмды

АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Таиланд парламенті балалардың қатысуымен өтетін жекпе-жектерге тыйым салу туралы заңды қарастырып жатыр, деп хабарлайды BBC News.

12 жасқа толмаған балаларға рингке шығуға мүлдем тыйым салынбақ. Ал 12 мен 15 жас аралығындағы спортшыларды заң бойынша тіркеуге алатын болады. Жаңа ережеге сәйкес жекпе-жекке шығу үшін ата-анасының рұқсаты мен қорғаныс киімі болуы міндетті.

Мұндай заңның қарастырылуына 13 жасар муай-тай шебері Анучи Тасаконың өлімі себеп болған, жекпе-жектен кейін екі күн өткен соң боксшының миына қан құйылып көз жұмыпты. Оқиға Таиландта жұртшылықты дүрліктірген.

Жас боксшы Тасако сегіз жастан бастап жекпе-жекке шыға бастаған. Тай боксы бойынша 170 кездесуді бастан өткеріпті. Бала үшін бұл спорт түрі отбасын асыраудың көзі болған.

Автор
Данияр