Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жанжалдарды ұлтқа бөлінбей шешу не себепті дұрыс жол саналады?

Жанжалдарды ұлтқа бөлінбей шешу не себепті дұрыс жол саналады?

Алтай Тайжанов, философия ғылымдарының докторы:

Фото: Kazpravda.kz

Қай ұлтта да әртүрлі адам болады. Адам – пенде. Пенде біртекті бола бермейді. Қазіргі кезде қоғамда қылаң беріп қалатын ұлтқа бөлінушілік – әлеуметтік саясатта кеткен қате. Конституция бойынша қазақ халқы – мемлекетті құраушы ұлт. Қазақстан дегендегі “стан” сөзінің мағынасы мекен дегенді білдіреді. Басқа халықтың барлығы – Қазақстанға келген диаспоралар. Дегенмен Қазақстан азаматтығын алғандардың бәрі құқығы жағынан тең болады. Ұлтына, дініне, тіліне қарамастан әр азамат осы елде еңбек етуге, кәсіп ашуға, білім алуға, шығармашылықпен айналысуға, емделуге құқылы. Жергілікті жерлерде байқалатын ұлтқа бөлінушілік мемлекеттік әлеуметтік саясатты дұрыс жүргізбеуден немесе басқармаудан болады.

Дос Көшім, қоғам қайраткері:

Фото: Оk.ru

Адамды ұлтына, тіліне, дініне, діліне қатысты алаламау – адам құқығы мен еркіндігінің негізгі принципі. Дүниежүзінде өмір сүріп жатқан барлық ұлттың құқығы бірдей. Аталған принципті көптеген ел Конституцияларына енгізіп қойды. Сондықтан сол мемлекеттегі саяси әлеуметтік жұмыстар кезінде адамдарды алалау заңға қайшы. Жаман ұлт болмайды, жаман адам болады. Бұл – дәлелдеуді қажет етпейтін сөз. Қарағандыдағы тұрмыстық оқиғаға ұлтаралық қақтығыс деген баға беру дұрыс емес. Құқық қорғау органдары заңды бұзғандардан жауап алады, жазасын да береді. Бұл жерде ұлтты кемсіту немесе басқа да құқық бұзылатындай сөз айтылған жоқ.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!
Дереккөз: Baribar.kz
Автор
Арман