KZNews.kz
Шоу-бизнес

Жанкүйерлерінен қашқан әнші Kalifarniya сынға ұшырады

Ayzhan Sylanova
Фото: әлеуметтік желіден

Концерт аяқтала салысымен әртіс тыңдармандарынан қашып бара жатқан сәті видеоға түсіп қалған. Кадрдан әншінің күзетшілердің қоршауында жүгіріп, жол жиегінде күтіп тұрған көлікке мінгенін көруге болады.

Мұндай әрекет әлеуметтік желі қолданушыларын ашуын тудырды.

«Ол кімнен қашып бара жатыр? Ешкім оны қуған жоқ қой», «Димаштан тыңдарманын құрметтеуді үйренсін», «Әлемдік жұлдыздар да бұлай істемейді», «Өзі кім болыпты сонша?», «Тіпті Джей Ло да бұлай қашпаған», «Міне, нағыз жұлдыз ауруы», «Оны біреу қуды ма екен?» – деп жазды желі қолданушылары пікірлерінде.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары