"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі өтетін күн белгіленді

Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі өтетін күн белгіленді

2018 жылғы 25 желтоқсан 11:03 305

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның кәсіпқой боксшысы Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы боксшының «Janibek Alimkhanuly team» фейсбук парақшасында жазылды.

«2 ақпанда Американың Техас штаты, Фриско қаласында Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы 5 жекпе-жегін өткізеді. Қарсылас осы аптада белгілі болады. Жаттығу қызу жүріп жатыр», - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Жәнібек Әлімханұлы (3-0, 1 КО) 4 қараша күні өткен кәсіби рингтегі өзінің 4-ші кездесуінде жеңіске жеткен болатын. Ол Эль-Пасодағы бокс кешінде (АҚШ, Техас штаты) өнер көрсетіп, өзінің қарсыласы америкалық Александер Вонды (12-1, 8 КО) уақытынан бұрын жеңді. Төрешілердің шешімімен Жәнібек Әлімханұлы жеңімпаз деп танылды. Осылайша, оның кәсіби рингтегі есебінде 4 жеңіс бар.

Жәнібек Әлімханұлы (4-0, 1 КО) профи-рингтегі төртінші жеңісінен кейін BoxRec.com белді сайтындағы рейтингін жақсартқан еді.

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz
Автор
Жандос