Шакира үшін Бішкекке барамыз: шетелдік билет сатып алушылардың арасында қазақтар көш бастады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жаңбыр, қар, жел: 5 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде күн райы бұзылады

Жаңбыр, қар, жел: 5 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде күн райы бұзылады
Жаңбыр. Көрнекі фото: Jens Kalaene/picture alliance via Getty Images

«Қазгидромет» мәліметінше, циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен ел аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыста қатты жаңбыр жауса, солтүстік-батыс, солтүстік, шығыс пен оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр мен қар түріндегі қатты жауын-шашын күтіледі.

5 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ, бұрқасын және қатты жел күтіледі. Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды kznews.kz

Ақмола облысында жаңбыр аралас қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Түнде кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал.

Ақтөбе облысында түнде жаңбыр мен қар жауады. Солтүстік және шығыс аудандарда көктайғақ болады. Күндіз желдің екпіні кей жерлерде 23-28 м/с-қа жетеді. Ақтөбеде де түнде жаңбыр аралас қар мен көктайғақ болжанып отыр.

Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында жаңбыр мен қар, жаяу бұрқасын және көктайғақ күтіледі. Кей аудандарда жауын-шашын күшейіп, тұман түседі. Қостанайда түнде ауа температурасы -1…-3 градусқа дейін төмендейді.

Қарағанды облысының солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде түнде жаңбыр аралас қар жауады. Күндіз де бірқатар ауданда жауын-шашын сақталады. Қарағандыда жаңбыр мен қар жауып, түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде қатты жаңбыр, ал шығысы мен таулы аудандарында жаңбыр аралас қар болжанады. Желдің екпіні кей жерлерде 23-28 м/с-қа жетеді.

Жамбыл облысында түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік пен шығыста қатты жаңбыр, таулы аудандарда жаңбыр мен қар түріндегі қатты жауын-шашын күтіледі. Желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Жетісу облысында да жаңбыр жауып, шығыс және орталық аудандарда күшейеді. Таулы жерлерде жаңбыр мен қар жауады. Алакөл маңында жел екпіні 23-28 м/с және одан да жоғары болуы ықтимал.

Түркістан облысының таулы аудандарында түнде қатты жаңбыр мен қар жауады. Желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Солтүстік пен таулы аудандарда топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.

Қызылорда облысының батысы, солтүстігі мен орталығында шаңды дауыл болуы мүмкін. Күндіз жел екпіні 23 м/с-қа дейін күшейеді. Солтүстік және шығыс аудандарда топырақ бетінде 1 градус үсік болжанады.

Алматыда түнде кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Медеу және Бостандық аудандарының таулы бөліктерінде жаңбыр мен қар түріндегі қатты жауын-шашын, тұман және екпіні 25 м/с-қа дейін жететін жел күтіледі.

Шымкентте түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Астанада 5 қазанда жаңбыр аралас қар жауады. Түнде ауа температурасы 0…+2, күндіз +3…+5 градус болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, күндіз кей уақытта 30 м/с және одан да жоғары болуы мүмкін.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.