KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

Жанболат пен Жазира жаңа театр үшін жеке ұшақтарын сататынын мәлімдеді

• Айжан Сыланова
Фото: әлеуметтік желіден

Қазақстандық әнші Жазира Байырбекова «Әгугәй» ансамблінің театр ғимаратын ашу мақсатында ұшағын сатуға шешім қабылдағанын мәлімдеді. Өнер иесі бұл туралы Instagram парақшасында жазып, әуе кемесін сатып алуға ниетті жандарға үндеу жасады, деп хабарлайды kznews.kz.

«Театрын ашу үшін самолетімізді сатамыз деп шештік. Алғысы келетіндер @aguqai_ansambl-дің парақшасына тіркеліңіздер!» – деп жазды Жазира Байырбекова.

Жарияланымда ұшақтың сатылым бағасы 16 миллион доллар деп көрсетілген. Әншінің жазбасынан кейін оқырмандар арасында түрлі пікір пайда болды. Бірі әуе кемесін сатып алуға қатысты сұрақ қойса, енді бірі оны бөліп төлеу мүмкіндігіне қызығушылық танытқан. Кейбір қолданушылардың пікірлері әзіл-оспақ сипатында болды.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →