Саясаткер Жанболат Мамайға тағылған айып алынып тасталды, - деп хабарлады Жұбайы Инга Иманбай. Бұл туралы Kaztag.kz сайты жариялады.
"24 қазанда Жанболаттан жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген айып алынып тасталды. Қазір оның ісі ҚР Қылмыстық кодексінің 400 – бабына сәйкес "заңсыз митинг ұйымдастыру" болып қайта қаралып жатыр. Ол әлі де қамауда, жазаға тартылуда", - деді Иманбай Адам құқықтары жөніндегі Еуропарламент кіші комитетінің отырысында.
Естеріңізге сала кетейік, Мамай наурыз айынан бастап қамауға алынды.
Фото: rus.azattyq.org