KZNews.kz
Шоу-бизнес

Жанболат Ағаділдің өлімі: Прокурор айыпталушыларға 4-18 жыл аралығында жаза беруді сұрады

KZNEWS

Нұр-Сұлтанның қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Жанболат Ағаділдің өліміне байланысты қозғалған іс бойынша сотта жарыссөз аяқталды. Прокурор айыпталушыларға 4-18 жыл аралығында жаза беруді сұрады. Бұл туралы Азаттық тілшісіне адвокат Жандос Тұяқов хабарлады.

Іс бойынша алты айыпталушы бар: Назарбеков, Әбілдаев, Сыдық, Жұмахан, Асболат, Рахмет. Оларға "Бұзақылық", "Адам өлтіру", "Қылмысты жасыру", "Қылмысты хабарламау" баптары бойынша айып тағылған.

– Мен қорғап отырған азамат Өміржан Рахметке "Адам өлтіру" бабы бойынша айып тағылған. Прокурор оны 18 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. "Қылмысты жасыру" бойынша айыпталғандарға 4-5 жыл аралығында жаза сұрады. Өміржан Рахмет тағылған айыпты мойындамайды, – деді адвокат.

Оның сөзіне қарағанда, бүгін, 22 сәуірде түстен кейін сот үкімі оқылуы тиіс.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары