Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жанармай орнына ауа құйған: Qazaq Oil-ға қомақты айыппұл салынды

Жанармай орнына ауа құйған: Qazaq Oil-ға қомақты айыппұл салынды
Фото: Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті

Петропавлдағы Qazaq Oil жанармай құю станциясына жоспардан тыс жүргізілген тексеру барысында бензин мөлшерден аз құйылғаны дәлелденді.

Техникалық реттеу және метрология комитетінің СҚО бойынша департаментіне қала тұрғынының шағымы негіз болған. Сауда және интеграция министрлігінің хабарлауынша, «PetroRetail» ЖШС-не тиесілі бекеттегі колонкалардан 20 литрлік өлшеуіш арқылы алынған жанармай көлемінде рұқсат етілген ±80 мл шектен артық ауытқу анықталды: №1 колонкада – 120 мл, №4 колонкада – 140 мл кем құйылған.

Бұл факті қолданыстағы метрологиялық талаптарды бұзу болып есептеледі.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорынға 1 млн 179 мың теңге айыппұл салынды.

Сонымен қатар, жабдыққа қосымша реттеу жасалып, жоспардан тыс қайта тексеру жүргізілді.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.