KZNews.kz
Шоу-бизнес

Жанармай бекеті автокөлікпен бірге жанып кетті

KZNEWS

Өзбекстанның Бұхара облысы Вабкен ауданына қарасты Паноб ауылында жанармай бекеті үш автокөлікпен берге өртеніп кетті.

Жанармай бекеті "Делта Автогаз" компаниясына қарасты екені хабарланды. Техникалық ақау салдарынан газ шығып, соның кесірінен өрт тұтанған.

Жанармай бекетінде тұрған "Матиз", "Нексия" және "Дамас" автокөліктері қоса жанып кетті. Өртті бес бригада сөндірді. Адам шығыны жоқ. Қазір өрттің материалдық шығыны есептеліп жатыр.

Дереккөз: centralasian.org

KZNEWS
Автордың басқа материалдары