Ақмолада екі адам үйімен бірге жанып кетті
28.12.2018
13:29
0
2
Ақмолада ересек екі адам үйімен бірге жанып кетті.
«Оқиға өткен түні Бурабай ауданының Ұрымқай ауылында орын алған. Бұл туралы аудандық ТЖБ кезекшілік бөліміне түнгі сағат 01:23 жедел ақпарат түсті. Тілсіз жауды ауыздықтау барысында 1961 жылғы əйел мен 1970 жылғы ер адамның денесі табылды. Қазір кезде осы оқиғаға байланысты барлық материалдар ПД жолданды», - деп түсіндірді Ақмола облысының ТЖД қызметкері Думан Дəлешов.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрт төсекте темекі шеккеннен шыққан жəне көз жұмғандар - әпкесі мен інісі болып шықты.
Дереккөз: ҚазАқпарат
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ