“Түсіндірме жұмысы” – Конститутциядан орыс тілін алып тастауды талап еткен Дина Елгезектің үйіне полиция барды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жаңа жылмен құттықтаймын деп басы бәлеге қалған полицей жұмыстан қуылды

Жаңа жылмен құттықтаймын деп басы бәлеге қалған полицей жұмыстан қуылды
Қоғам

Қысқа сілтеме алу

791 0 0

Бірінші курс жетекшісі орынбасарының тікелей басшылары мен оқу орнының басшылығы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылады

АСТАНА, 3 қаңтар — Sputnik. Қарағандыда түсірілген "братва" жайлы даулы видеороликтегі полицей ішкі істер органдарынан қуылды.

Тәртіптік комиссия Қарағанды академиясы бірінші курс басшысының орынбасары А.Тастайбековты жұмыстан шығаруға шешім қабылдады.

Қызметкер мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін әрекет жасады, деп мәлімдеді ішкі істер министрлігі. 

Бұған дейін әлеуметтік желілерде форма киген ер адам әріптестерін Жаңа жылмен қылмыс әлеміндегі жаргонмен құттықтап жатқаны жайлы видео таралған болатын.  

Видео ішкі істер министрлігінің Қарағанды академиясында түсірілген. Бірінші курс басшысы орынбасарының тікелей басшылары мен оқу орнының басшылығы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылады. 

Полицейдің сөзі жұрттың наразылығын туғызды.

Естеріңізге сала кетейік, қазір елімізде ІІМ реформа жүргізіп жатыр. Полицейлер қайта аттестациядан өтіп, жаңа форма киеді. 

Дереккөз: https://sputniknews.kz/
Автор
Бауыржан