"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жаңа жылдан бастап SIM карта телефонға автоматты түрде тіркеледі

Жаңа жылдан бастап SIM карта телефонға автоматты түрде тіркеледі

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап абоненттік құрылғыларды міндетті тіркеу ережесі күшіне енеді.

Жаңа жылдан бастап ұялы байланыс абоненттік құрылғылары байланыстан жаппай ажыратылмайды. Тек телефонға орнатылған SIM карта автоматты түрде құрылғының IMEI-кодына тіркеледі. Ақпарат және коммуникациялар министрлігі телекоммуникация комитеті төрағасының міндетін атқарушы Виталий Ярошенконың айтуынша, SIM карта кімнің атына рәсімделсе, телефон да сол адамға тиесілі болады.

«1 қаңтардан бастап абоненттік құрылғылар байланыстан жаппай ажыратылмайды. Яғни, жаңа жылдан кейін күшіне енетін ереже құрылғыларды байланыстан жаппай ажыратуды көздемейді. Бұл күні не болады? 1 қаңтарда телефонға орнатылған SIМ карта автоматты түрде құрылғыға тіркеледі», – деді Ярошенко.

Ол жаңа жылдан кейін қолданушы SIМ картаны өзгертуге тырысса, проблема туындауы мүмкін екенін атап өтті.

«Бұрындары адамдардың көбі сатып алған SIМ карта өз атына рәсімдемеген. Себебі, 1998-2000 жылдары ондай міндетті тіркеу болған жоқ. SIМ карта ұйымға немесе дилердің атына рәсімделді. Сол адамдар әлі күнге дейін сол SIМ картаны қолданып жүр», – дейді ол.

Ал 1 қаңтардан бастап SIМ карта өзі орнатылған телефонның IMEI-кодына автоматты түрде тіркеледі. Тиісінше, SIМ карта кімнің атына рәсімделсе, телефон да сол адамға тиесілі болады.

«Мұның бәрі SIМ картаны, телефонды қорғау үшін жасалып отыр. Сол себепті ұялы байланыс операторлары қазір сіздерден ЖСН сұрайды. Яғни  өздері қызмет көрсететін абонентті тіркеу үшін», – деді Ярошенко.

Оның айтуынша, егер 1 қаңтардан кейін сіз телефоныңыздағы SIМ картаның орнына басқасын қойып, ол бұған дейін мәліметтер базасында енгізілген деректермен сәйкес келмесе, телефон жарамсыз болып қалады. Егер SIМ картаны орнына қойсаңыз, құрылғы жұмыс істей береді.

«Айқын» ақпарат  

Дереккөз: Айқын
Автор
Санжар