Шоу-бизнес

Жаңа антиресейлік санкциялардың салдары сараланды

Жаңа антиресейлік санкциялардың салдары сараланды

АҚШ санкциялары Еуропаға да, Қытайға да, жалпы бүкіл әлемге әсерін тигізеді.

Сауд Арабиясының Энергетика, өнеркәсіп және минералды ресурстар министрі Халид әл-Фалих АҚШ-тың Ресейге қарсы жаңа санкциялары жаһандық энергетика нарығына әсер тигізетінін мәлімдеді.

Бұл туралы ол Бакуде ОПЕК+ мониторинг комитетінің отырысы алдындағы баспасөз жиынында айтты, деп хабарлайды Zakon.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.

"Ресей — Еуропаға газ сататын, мұнайды – Қытайға сататын аса ірі ойыншы. АҚШ санкциялары Еуропаға да, Қытайға да, жалпы бүкіл әлемге әсерін тигізеді", — деп ескертті ол.

Айта кетсек, ақпан айында АҚШ жаңа санкцияларын сұйытылған табиғи газ (СТГ) саласындағы жобаларға қатысты санкциямен толықтырған. Ол құжат бойынша, АҚШ президенті СТГ өндірісі бойынша Ресеймен бірлескен кез-келген сыртқы инвесторға санкция сала алады. Алайда бұл заң жобасы әлі қабылданған жоқ.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!


[ad_2]
Zakon.kz

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz