Желіде ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жамбылда көз жұмған сарбаздың өліміне күдікті адам анықталды

Жамбылда көз жұмған сарбаздың өліміне күдікті адам анықталды

Бас әскери прокуратура Жамбыл облысында көз жұмған сарбаздың өліміне күдікті анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Kznews.kz  сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

 "ҚР ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасының ведомствоаралық жедел-тергеу тобы Жамбыл облысы Гвардейский елді мекенінде көз жұмған сарбаз Әлібек Қалбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша күдіктіні ұстады. Ол сарбаздың әскерге бірге шақырылған әріптесі болып шықты", делінген хабарламада.

Прокуратураның хабарлауынша, қамауға алуға куәгердің айғақтары және зорлық-зомбылық өлім белгілері бар сот-медициналық сараптаманың нәтижелері негіз болған.
"Материалдар сотқа қамауға алуға бұлтартпау шарасын санкциялау үшін жіберілді. Күдіктінің іс-әрекеті адамның өліміне әкеп соққан жарғылық ережелерді бұзу ретінде сараланған (ҚР ҚК 440-бабы 4-бөлігі). Сотқа дейінгі іс жүргізу жалғасып жатыр", – деп толықтырды.

Айта кетсек, Жамбыл облысы Қордай ауданындағы №30212 әскери бөлмішесінде борышын өтеп жүрген 18 жастағы сарбаз мерт болған еді. Ол Отан алдындағы борышын өтеу үшін 18 сәуірде барған, бірақ 4 күннен соң жақындарына қаралы хабар жетеді. Қаза тапқан сарбаз Әлібек Қалбайдың денесі өткен аптада туған жері Маңғыстау облысы Ақшұқыр ауылына жеткізілді.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысында көз жұмған 18 жастағы сарбаздың өліміне қатысты пікір білдірген еді.

(фото ашық ақпарат көздерінен)

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары