KZNews.kz
Аймақ

Жамбыл облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары ұсталды

Азамат Қойшығара
GOV.KZ

Жамбыл облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары Шамгунов Бауыржан Нұрланұлы пара алу күдігімен ұсталды.

ҰҚК қызметкерлері шенеунікті жеке сот орындаушыларына қатысты лицензиялық мәселелер бойынша заңсыз көмек көрсету кезінде қолға түсірген. ORDA мәліметінше, ол қызметінде кемшіліктері анықталған жеке сот орындаушыларына белгілі бір ақша беру арқылы лицензияларын сақтап қалуға жәрдемдесуге уәде берген. Алынған параның нақты сомасы әзірге жарияланған жоқ.

Шамгунов Бауыржан Нұрланұлы 1982 жылы 21 шілдеде Жамбыл облысы, Жамбыл қаласында дүниеге келген. 2003 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін тәмамдаған. Ұлты — қазақ, білімі — жоғары.

Оның бүкіл еңбек жолы Жамбыл облысының Әділет департаментімен байланысты. Ресми деректерге сәйкес, ол әр жылдары департаменттің зияткерлік меншік құқықтары бөлімі, жеке сот орындаушыларының қызметін қамтамасыз ету бөлімі, атқарушылық іс жүргізуді қамтамасыз ету бөлімі және сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімін басқарған.

Азамат Қойшығара
Автордың басқа материалдары