KZNEWS.KZ
Қоғам

Жамбыл облысында жер үй өртенді: өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды

• Айгерім Асылова
Фото: ашық дереккөз

Жамбыл облысы Шу ауданы Төле би ауылындағы жер үйдің аумағында орналасқан шаруашылық құрылысынан өрт шықты, деп хабарлайды kznews.kz

Өртті сөндіру барысында құтқарушылар ғимарат ішінен екі газ баллонын қауіпсіз жерге шығарып, ықтимал жарылыстың алдын алды.

Өрт 80 шаршы метр аумақты шарпыды. Тілсіз жау толық сөндірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды газ жабдықтарын пайдалану кезінде сақтық танытып, өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Өрттің шығу себептері анықталуда.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →