Бүгін, 8 шілде күні сағат 14:30 шамасында облыс аумағында жер асты дүмпулері тіркелді. Әкімнің айтуынша, қираған нысандар мен зардап шеккендер жоқ.
«Алдын ала мәлімет бойынша Т. Рысқұлов ауданындағы Құлан ауылында бір жеке тұрғын үйдің (1970 жылы саман кірпіштен салынған), сондай-ақ аудандық архив ғимаратының (1934 жылы салынған) сыртқы қабырғалары мен төбесіне шамалы зақым келген. Абай ауылдық округінде тағы бір жеке тұрғын үй (1979 жылы саман кірпіштен тұрғызылған) аздап зардап шекті. Меркі және Т.Рысқұлов аудандарында жедел штабтар құрылды. Коммуналдық нысандар қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Әлеуметтік нысандар зардап шеккен жоқ. Инфрақұрылым нысандарына ешқандай зақым келмеген», - деп жазды Қарашөкеев желідегі парақшасында.
Қазір Т. Рысқұлов және Меркі аудандарында жедел штабтар құрылып, жағдай толық бақылауға алынған. Коммуналдық қызметтер қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр, ал әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар бүлінбеген