"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жамбыл облысында 22 жастағы жігіт бес адамды атып тастады

Жамбыл облысында 22 жастағы жігіт бес адамды атып тастады

Жамбыл облысы Саудакент ауылында 22 жастағы жігіт 5 адамды атып тастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқ тиген 20 мен 24 жас аралығындағы жігіттер Сарысу аудандық ауруханасына жеткізілді. Полицияның мәліметінше, ауыл жастарының арасында тектірес болған.

Кикілжіңнен кейін  күдікті бір топ жігітті 16-шы калибрлі қарумен атқан. Шамамен 30 метр жерден атылған бытыра 5 жігітке тиген.

Оқ екеуінің аяғын, біреуінің ішін жаралаған. Үшеуі қазір аудандық ауруханада ем қабылдап жатыр. Ал қалған екеуі Тараз қалалық көпбейінді ауруханасына жеткізілген. Оқ екеуінің де басына тиіп, біреуінің миына қан құйылған. Қазір олар жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр.

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары