KZNews.kz
Қоғам

Жамбыл облысында 14 жастағы оқушы қыз жүкті болып қалды

Айжан Сыланова
Фото: Валерий Шарифулин / ТАСС

Қыздың жүктілігін алғаш болып анасы байқап, дәрігерге жүгінген. УДЗ тексерісі кезінде жүктілік расталды. Құрсақтағы баланың әкесі — өзімен қатар 14 жастағы жасөспірім екені белгілі болды.

Оқушылардың ата-аналары мектепке шақырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Қазіргі таңда жасөспірімдермен мектеп психологтары жұмыс істеп жатыр.

Жамбыл облысы полиция департаменті бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабы 1-бөлігі («он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттер») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →