"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жамбыл облысы тұрғындарының коронавирусты қайда жұқтырғаны белгілі болды

Жамбыл облысы тұрғындарының коронавирусты қайда жұқтырғаны белгілі болды

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Осы уақытқа дейін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 402 адамға жетті. Олардың бесеуі – Жамбыл облысының тұрғындары

НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір – Sputnik. Жамбыл облысында коронавирус анықталған ер адам ауруды пойызда жұқтырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық денсаулық басқармасына сілтеме жасап

Ресми мәліметке сәйкес, күні кеше облыста коронавируспен анықталған тағы екі адамның біреуі – 41 жастағы Тараз қаласының тұрғыны. Ер адам ауруды "Қызылорда - Петропавл" пойызында Түркістан облысына барған әйелден жұқтырды. Оның диагнозы 21 наурызда анықталған болатын. 

"Ер адаммен жақын қарым-қатынаста болған 8 адам карантинге жіберілді. Бұдан бөлек, "Қызылорда - Петропавл" пойызында Түркістан облысына барған әйелге жақын жүрген 7 жолаушы анықталды. Олардың сынамасында коронавирус табылмады", - делінген ресми хабарламада.   

Ал 1 сәуірде Жамбыл облысында анықталған тағы бір науқас – 1991 жылғы азамат. Ол 30 наурызда Ресейден үйіне келген. Оны бірден карантиндік стационарға жатқызды. Ал коронавирус анықталғаннан кейін инфекциялық ауруханаға ауыстырды.  

"Қазіргі кезде екі науқастың да жағдай қанағаттанарлық. Ауру жеңіл өтуде. Олар қажетті ем-домды алып жатыр. Тұратын жерлеріне дезинфекциялық шаралар жасалды", - сказано в сообщении.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 402 адамға жетті. Олардың ішінде бесеуі – Жамбыл облысының тұрғындары.


sputniknews.kz
Автор
Еркебұлан