Желіде ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Жалғыз ұлымды әскерге бердім»: Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздың әкесі министрлікке видеоүндеу жолдады

«Жалғыз ұлымды әскерге бердім»: Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздың әкесі министрлікке видеоүндеу жолдады

Ұлының өлімі абайсызда емес, қасақана болды дейді ол. SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Маңғыстауда қаза тапқан мерзімді қызметтегі сарбаздың әкесі қорғаныс министріне жан-жақты тергеу жүргізуді талап еткен видеоүндеу жолдады.

Instagram қолданушысы Дамир Көшеевтің парақшасында өзін Маңғыстауда қаза тапқан мерзімді қызметтегі сарбаздың әкесімін деп таныстырған азаматтың видеоүндеуі жарияланды.

"Ақтауға бара жатырмын. Ұлымды бетінен атып өлтірді. Бұл абайсызда болған жағдай емес. Қару атылып кету үшін сақтандырғыштан алу керек. Бұл абайсызда болмайды. Қазір ол қамауда дейді", – дейді ер адам.

Әкесі істің бұрмаланып кетуінен қорқатынын жеткізді. Сондықтан министрден істі жеке бақылауына алып, шындықтың ашылуына көмектесуін сұрады.
"Барлығын толыққанды зерттесе деймін. Қазір Ақтау қалалық тергеу комитетіне барамын. Әрі қарай ұлымның мәйітіне сараптама жасалатын орынға баруым керек", - деді ер адам видео хабарламасында.

Еске салсақ, 7 қыркүйек күні Маңғыстау облысында оқыс оқиға болды. Әкери полигонда мерзімді қызметтегі сарбаз ауыр жарақат алып, көз жұмғанын хабарлаған едік.

https://smartnews.kz/news/13738-zhalgyz-ulymdy-askerge-berdim-mangystauda-kaza-tapkan-merzimdi-kyzmettegi-sarbazdyn-akesi-ministrlikke-videoundeu-zholdady

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары