Жетісу облысында өз баласын ұрып-соқты деген күдікке ілінген әйел қамауға алынды, деп хабарлайды kznews.kz.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, сәбиге жасалған зорлық-зомбылық бейнеленген видео 18 қаңтар күні әлеуметтік желілерде тарады. Келесі күні полицейлер баланың анасының жеке басын анықтап, оны уақытша ұстау изоляторына қамады. Әйелдің екі баласы тергеу жүргізу кезеңінде отбасылық қолдау орталығына орналастырылды.
27 қаңтарда сот күдіктіні екі ай мерзімге қамауға алу жөнінде санкция бергені белгілі болды. Әйелге кәмелетке толмаған балаға қатысты азаптау бабы бойынша айып тағылып отыр. Бұл қылмыс үшін ол жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.