Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жетісайда 12 адамның өмірін жалмаған өрт: Аман қалғандардың бірі есін жиды

Жетісайда 12 адамның өмірін жалмаған өрт: Аман қалғандардың бірі есін жиды
ашық дереккөзден

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Алғабас ауылындағы қанды өрттен аман қалғандардың жай-күйіне қатысты жаңа мәлімет берді, деп хабарлайды kznews.kz.

Шенеуніктің айтуынша, зардап шеккендердің бірі есін жиған. Үшеуі де – бір отбасының мүшелері: ер адам, оның жұбайы және қыздары.

"Бір науқас есін жиды. Үшеуінің де жағдайы тұрақты, бірақ әлі реанимацияда жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі науқастар емделіп жатқан ауруханамен тұрақты байланыста. Қажет болса, санавиация арқылы Астанаға көшіруге дайын", – деді Жолдасов.

Ол өрттің шығу себебі әзірге белгісіз екенін, нақты ақпаратты тергеу аяқталғаннан кейін полиция жариялайтынын айтты.

"101 нөміріне қоңырау таңғы 5:38-де түсті. Алты минуттан кейін өртсөндірушілер оқиға орнына жетті. Үш адам тірідей шығарылды, бірақ өкінішке қарай 12 адамды құтқару мүмкін болмады", – деді облыс әкімінің орынбасары.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер