Қазақстан соғысқа дайындалып жатқан жоқ – Айдос Сарым
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жеті жастағы оқушының ұстазына құрметі барша жұртты елжіретті

Жеті жастағы оқушының ұстазына құрметі барша жұртты елжіретті
kznews.kz коллажы

Әлеуметтік желіде 7 жастағы баланың әсерлі әрекеті тарап, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Kznews.kz.

Жұрттың мейіріміне бөленген оқушы бұл видеода мектепке бір құшақ роза гүлдерін ұстап кіргені көрінеді. Ол өзге мектепке ауысып кеткен өзінің алғашқы ұстазына арнап гүл мен тәтті алып келген. Ұстазына арналған сыйлыққа оқушы жарты жыл жинаған қаражатын жұмсаған көрінеді. 

Әсерлі видеоны көрген жұрт оқушы мен ұстазына ізгі тілектерін арнап, түрлі пікірлер жазды.

"Ой айналайын, бақытты бол!", "Құдайымау балапан үлкен азамат болсын,сіздей ұстаздарға көп Рахмет еңбегіңіз жемісті болсын", "Көріп отырып жылап қалдым, өте әсерлі сәт!", "Тәрбие бар жерде текті ұл мен қыз өседі", "Ата-анасына үлкен алғыс , осындай ер азамат өсіргендеріне. Ақылды! Иманды! Үлкен азамат болып өсе бергей!", деп пікірлерін жазды.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер