Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

“Жеңілтек өмір болды”: Танымал әнші әйелі мен баласы қабылдамағанын айтты

“Жеңілтек өмір болды”: Танымал әнші әйелі мен баласы қабылдамағанын айтты
Фото: ашық дереккөз

Танымал композитор әрі әнші Сәкен Қалымов «Бүгін live» бағдарламасына берген сұхбатында өз өміріндегі күрделі кезеңдер туралы шынайы әңгімеледі, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесі жас кезінде жіберген қателіктерінің отбасының күйреуіне себеп болғанын жасырмай айтты.

Оның сөзінше, сол кезеңде қызық қуып, серілікке салынып, отбасылық жауапкершілікті екінші орынға ысырып қойған. Соның салдарынан ол Астанада тұратын жұбайы мен ұлынан жырақтап кеткен.

«Астанаға арнайы іздеп бардым, алдарына өтейін, жағдайымды түсіндірейін деген ниет болды. Жарымды да, баламды да кінәлай алмаймын. Бәріне өзім кінәлі екенімді түсіндім. Ол уақытта жеңілтек, жауапсыз өмір сүрдім. Қасымдағы орта да сондай болды, бәріне атүсті қарап, салғырттыққа жол бердік. Әрине, мені құшақ жая қарсы алады деген үмітпен барған жоқпын. Бірақ соған қарамастан тіл табыса алмадық, олар мені қабылдай алмайтынын айтты. Қазір тек дұға етіп жүрмін. Алла қаласа, уақыты келгенде бәрі қалпына келеді деп сенемін», – деді өнерпаз.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.