Түркістанда екі жасар бүлдіршін суға батып кетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Желіде жұбайы нағашысына үйленген әйел көмек сұрады

Желіде жұбайы нағашысына үйленген әйел көмек сұрады
Фото: видео скриншот

ТикТок әлеуметтік желісінде Айша есімді келіншек өз күйеуінің сорақы әрекеттері туралы айтып, "қазақта мұндай масқара бар ма еді" деп қоғамға сұрау салды, деп хабарлайды kznews.kz sn.kz сайтына сілтеме жасап.
 

ТикТок әлеуметтік желісінде Aiesha атымен тіркелген келіншек осыған дейін өмірлік серігім деп таныған адамы бұрыннан бері өз нағашысымен ойнастық жасап жүргенін мәлімдеді. 

"Күйеуім мен нағашысы бала күннен бір біріне ғашық екен. Қазір сол махаббаттары үшін күресіп жатқандарын айтады. 

Бастауыш сыныпта басталған махаббаттары бүгінгі күнге дейін жалғасып келген. Басқа емес, өз нағашысы!" деген келіншек махаббат дегенді түсінгісі келетінін барынша түсіндіріп, алайда туыстық қатынас деген қастерлі ұғым қайда қалғанын сұрады. 

Ең сорақысы, видеоға қатысты пікір жазған жұрттың ішінде "менде де сондай жағдай болды" дегендер бар. 

Қазақта нағашы, жиен, бөле дегендер қандық туыстар емес пе? Мынау не сұмдық?! 

Ажырасу атаулыда бүкіл кінә мен күнәні әйелге жабуға әбден үйренген қазақ қоғамы еркектердің мынадай ессіз әрекетіне не айтар екен?

Өз анасының сіңлісіне ғашық болған қазақтың еркекгін кім деуге болады? Әлде "еркекке бәрі жарасады" деп көз жұмған дұрыс па? 

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.