Астанада стоматологияда 20 жастағы жігіт көз жұмды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Желіде Әсел Исабаеваның жаңа фотолары тарады: қоғамда қызу пікірталас туды

Желіде Әсел Исабаеваның жаңа фотолары тарады: қоғамда қызу пікірталас туды
Ulysmedia.kz коллажы

Желіде Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев "екінші отбасым" деп атаған Әсел Исабаеваның жаңа фотосуреттері тарады. Қазір ол 46 жаста, деп хабарлайды kznews.kz.

Суреттерді Instagram желісінде танымал фотограф Мирас Баянов жариялаған. Ол сән индустриясында жұмыс істеп, түрлі брендтермен бірлескен жобаларға қатысады. Фотограф бұл кадрларды бөлісе отырып:

"Мен үшін әрдайым өнерге жақын болу маңызды. Әсіресе, соның бір бөлшегіне айналған адамдармен бірге болу. Ғажайып Әсел Исабаева – менің көзқарасыммен", – деп жазған.

Әсел Исабаева – Астана балет театрының арт-менеджері. Оның есімі халықаралық зерттеулерде де аталып, офшорлық компаниялар арқылы 30 миллион доллар көлемінде қаржы алғаны жөнінде ақпараттар тараған.

Айта кетейік, ол 1999 жылы "Мисс Қазақстан" байқауында жеңімпаз атанған. Ал Нұрсұлтан Назарбаев өзінің екінші отбасы бар екенін тек 2023 жылы жария түрде мәлімдеді. "Менің өмірім" атты мемуарында ол Әселмен алғаш рет сұлулық байқауынан кейін танысып, кейін аралары жақындай түскенін жазған.

Сондай-ақ оның айтуынша, олар мұсылман дәстүрімен некеге отырған. Бұл некеден Тауман және Байкен есімді екі ұл дүниеге келген. Бұған дейін бейресми түрде айтылып келген бұл мәліметтер аталған мемуар арқылы алғаш рет ресми түрде расталды.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер